Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№24 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы
"№24 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

14 қараша – Әжелер күніне орай мектепте Даналық мектебінің “Қызым, саған айтам” атты тәрбиелік-әңгіме дидары өткізілді. Шараға ақылымен, өмірлік тәжірибесімен бөлісуге дайын әжелер шақырылып, оқушыларға отбасылық тәрбие, адами құндылықтар, қыз бала тәрбиесі жайында тағылымды кеңестер берілді.

Кездесу барысында әжелер өз өмір жолын, көрген-түйгенін айта отырып, оқушыларға еңбектің қадірін, ізгілік пен мәдениеттің маңызын түсіндірді. Сонымен бірге әңгіме дидары кәсіби бағдар беру тақырыбымен толықтырылып, ардагер аналар оқушыларға мамандықты жүрек қалауы мен қабілетіне қарай таңдауға кеңес берді.

Шара оқушылардың рухани тәрбиесін нығайтып қана қоймай, алдағы болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге, ата буын мен жас буын арасындағы сабақтастықты арттыруға ықпал етті.