Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№24 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы
"№24 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 

Ыстық тамаққа - 1 - 4 сыныптан 737 оқушы барады.

Аз қамтылғандар - 75 оқушы барады

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарының ұйымдастырылуы

Мектептің 1 - 4сынып оқушылары мен 5 - 11 сынып аралығындағы аз қамтылған оқушыларды ыстық тамақпен қамту.

Мектептің бастауыш сынып оқушыларының 2024 жылдың 2 - ші қыркүйектен бастап бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Мектептің 1 - 4 сынып оқушылары мен 5 - 11 сынып аралығындағы әлеуметтік аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасы оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін тізім жасақталды.

Биылғы 2024 - 2025 оқу жылында жалпы мектебімізде 2007 оқушы білім алуда. 1 - 4 сыныпта 737 оқушы. Қыркүйек айының 2ші - нен бастап 1 - 4 сыныптағы 737 оқушы бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылды. 5 - 11 сыныптардан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда 74 бала бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылды. Жетім, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы, әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балалары да ата - ананың өтініші бойынша мектеп асханасынан бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылды.

Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектеп бойынша тегін тамақтандырумен 811 бала қамтылған. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 600 теңгені құрайды.

Жоғарыда айтылғандар бойынша мектеп оқушылар жоспарға сай күнделікті ас мәзірі және кесте бойынша тамақтанады.