Құттықтаймыз!
«7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр - Жеңіс күніне 80 жыл толуына» орай ерлер арасында өткен жалпы білім беру мекемелері мұғалімдері арасындағы қалалық волейбол турнирінде “№24 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен құралған команда жүлделі III орынды иеленді.
Команда жетекшісі: Көбен Айдар.
Бұл - мұғалімдеріміздің ұйымшылдығы мен спорттағы жоғары дайындықтарының нәтижесі. Жеңісті күндер жалғасын таба берсін!