АҚНИЕТ - G9 АЗИЯ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ!
Мектебіміздің 4 «В» сынып оқушысы Күмісбай Ақниет 24.10 - 2.11.2025ж аралығында Моңғолияда өткен шахматтан 19-шы Азия чемпионатында ерекше жетістікке жетіп, G9 БЛИЦ санатында АЗИЯ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ атанды!
Азия чемпионатына 16 мемлекеттен 675 спортшы қатысты. Ақниет 9 ұпайдың 8-ін жинап, Азия мемлекеттері арасындағы жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап шықты!