Құттықтаймыз!
2025 жылдың 18 қазан күні Атырау облысы, Мақат ауданында өткен "Maqat Open – 2025" республикалық шахмат турнирінде мектебіміздің 4 "В" сынып оқушысы Күмісбай Ақниет жоғары ойын көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді.
Ақниет осы жетістігімен күміс медаль жеңіп алып, мектебіміздің мерейін үстем етті!
Жас зияткерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Жетекшісі: Каландарова Жұлдыз Амановна