Құттықтаймыз!
2025 жылдың 16 қазанында өткен Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінде, мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Мақсат Ақниет
«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бұл жеңіс – Ақниеттің ізденісі мен табандылығының нәтижесі ғана емес, туған өлкенің тарихи тұлғаларына деген зор қызығушылығының көрінісі.
Жетекшісі: Каландарова Жұлдыз Амановна
