Мектепте Валюта күніне орай банк қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Шара барысында мамандар оқушыларға валютаның түрлері, айырбастау тәртібі, қаржы қауіпсіздігі, банк қызметтерінің маңызы туралы жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар банк саласына қызығушылық танытқан оқушылар үшін жеке мамандық таңдауға бағытталған кеңес өткізілді. Мамандар қаржы саласындағы мамандықтар, олардың ерекшеліктері, талаптары және болашақтағы мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, болашақ кәсіби бағдарын анықтауға оң әсерін тигізді.