2025 жылғы 6 қараша күні «Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа парадигмалары: бастауыш буынға жаңа қадам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты:
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 15-бабы, 2-тармақшасына сәйкес педагогтердің оқыту мен тәрбиелеудегі бірізділігін қамтамасыз ету, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу болып табылады.
Конференция аясында өз тәжірибесімен бөліскен ұстаз:
№24 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагогика және психология магистрі Джумағалиева Назира Сейткуловна.
Конференция педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік берді
